ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ ГЕРБІ - аудандық мәслихаттың төртінші сессиясында 2004 жылғы 7 маусымда қабылдаған № 41 шешімі бойынша бекітілген мемлекеттік жәдігер. Елтаңба негізінен көк, сары, қызыл, қаракөк және жасыл түстерден құралған. Оның басым бөлігін көк түс, яғни геменді қазақ елінің негізгі түсіне жоғарғы жағынан шапағын төккен күн нұры, ұлтымыздың дәстүрлі арқауларының бірі - кереге, ортасына Жангелдин ауданы картасының сұлбасы салынып, аудан. Орт-ның атауы - ТОРҒАЙ деген жазу жазылған. Төменгі жағына аудан экономикасының негізгі бағыты мал ш. екенін танытатын жылқы, түйе, сиыр бейнелері салынып, астықты өңір сары түспен сипатталған. Елтаңбаның жоғарғы жағына қара көк түске ЖАНГЕЛДИН деген аудан атауы сары әріптермен жазылған.
ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ ТУЫ - аудандық мәслихаттың төртінші сессиясында 2004 ж жетінші маусымда қабылдаған №41 шешімі бойынша бекітілген мемлекеттік жәдігер. Ту негізінен көк, жасыл және сары түстерден құрастырылған. Оның үштен бір бөлігін көк түс, яғни егеменді қазақ елінің негізгі түсі - ашық аспанды бейнелесе, осы көк түске жарқырап шапағын шашып туып келе жатқан күн қызыл бояумен салынған. Күн астындағы көкжиек сияқты жолақтың төменгі жағындағы аудан атауы - ЖАНГЕЛДИН деген жазу күн күмбезін дөңгелентіп толықтыра түскен. Тудың қалған үштен екі бөлігі ауданның кең-байтақ сары даласын, яғни тұрғын халықтың күнделікті тіршілігінің басты көздері - егістік, шабындық, жайылымдылық алқаптарды бейнелейді. Бұл сары түсті сәл жіңішкелеу жасыл жолақ екіге бөліп тұр.








