22 тамыз күні Рудный қаласынан “Ахаңа тағзым” ғылыми-танымдық экспедициясы Торғайға еліне келді. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, XVIII ғасыр батыры Тархан Шақшақ Жәнібек тарихи музейін, ағартушы Ы.Алтынсарин музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың музейін аралап, Торғай тұлғаларымен танысты.
https://www.muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2/ekspeditsii2-2.html#sigFreeId9cbeacff7f
"Ахаң жүріп өткін жолмен..." экспедиция Қостанай, Арқалық, Бидайық, Торғай еліне келіп табан тіреді.
https://www.muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2/ekspeditsii2-2.html#sigFreeId684821a007
"Ахаң жүрген жолмен" экспедициясы маусым айында бастау алып Ахмет Байтұрсынұлы жүрген жерлерді, тарихта аты қалған қалаларды аралады. Осы экспедицияның соңы Торғай жеріндегі Ахаң тұрған, кіндік қаны тамған үйіне тоқтау еді. Сапар соңы Торғай елінде жалғасып, халықпен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында экспедиция басшысы Ибрахим Ағытаев мырза Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Г.Қ.Сәрсекейге музей қорына Ахаң қызмет істеген қазіргі Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы мектептің кірпішін сыйға тартты. Сонымен қоса Т.И.Тугайдың "Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы жолы" атты кітабын тарту етті.
https://www.muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2/ekspeditsii2-2.html#sigFreeId1a220f3990
Нұр-Сұлтан қаласы Міржақып Дулатұлы орта мектебі №68 мектеп-гимназиясының ұстаздарымен оқушылары арнайы Міржақып Дулатұлы еліне экспедицияға келді. Торғай еліне соғып, ел тарихымен танысып, музейлер аралады.
https://www.muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2/ekspeditsii2-2.html#sigFreeIdd5d30877fe
«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Торғай жерінде
https://www.muzei-torgai.kz/dokumentatsiya-2/ekspeditsii2-2.html#sigFreeId86b3f717d3
“Өр Торғай – ерлік мекені” экспедициясы
“Ұлы дала тұлғалары” Кейкі батыр ізімен экспедициясы 2
“Ұлы дала тұлғалары” Кейкі батыр ізімен экспедициясы
“Ұлытау, Торғай, Тоқырауын экспедициясы. Қыр баласы жүріп өткен жер
«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясы Торғай жерінде 2
«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясы Торғай жерінде 3
«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясы Торғай жерінде