Ә.Жангелдин 1884 жылы бұрынғы Торғай оязы, Қайдауыл болысы Жыланшық өзенінің бойы Әліби қонысында дүниеге келген.
Қазақстан үкіметінің шешімімен 1984 жылы 6 қазанда Торғай кентінде ашылған.
Музей көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, халқымыздың бостандығы мен теңдігі жолындағы күрескер, саяхатшы Ә.Т.Жангелдиннің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеп, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
Негізгі үлкен залда қайраткердің кұреске толы өсу жолын көрсететін құжаттар мен фотосуреттер көшірмелері топтастырылған. Әсіресе оның Торғай, Орынбор, Қазан қаласындағы оқу орындарында оқыған кезеңдегі куәліктері, саяхатқа шығатыны туралы 1916 ж. Мәскеудің «Утро России» газетіне берген хабарландыру, Далалық өлке төтенше әскери комиссарының куәлігі, екінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен 1941ж. 14 шілдеде майданға аттануға тілек білдіріп И.Сталинге жазған хаты аса құнды мұрағаттық құжаттар. Жангелдин экспедициясы, Қазақстан үкіметі ұйымдастырған Қызыл керуен жүріп өткен жолдар арнайы картамен бейнеленген.
Музейдегі құнды экспонаттар – 1916 жылы көтерілісшілердің қолданған қару жарақтары, этнография залында орналасқан ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданған тұрмыс заттары келушілердің қызығушылығын арттыра түседі. Келесі бөлімде Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен аталарымыздың медаль, ордендері, фотосуреттері, соғыс кезінде тұтынған заттары қойылған.
Осы мұражайдың 7 залды қамтысақ: «1910-1912 жылдардағы Жол саяхаты», «Балалық шағы», «Этнографиялық бөлім», «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс», «Қызыл керуен», «Майдан мен тылды ұштастыру», «Кешегі және бүгінгі түлеген Торғай» деп аталатын бөліммен жалғаскан.
Сонымен қатар музей экспонаттары Торғай өлкесінің өткен тарихы мен бүгінгі жетістіктерін баяндайтын, еңбек ардагерлері мен көрнекті мәдениет, әдебиет қайраткерлерінің өмірлеріне қатысты жәдігерлер және деректі материалдармен толықтырылған. Оның мәдениет, оқу және денсаулық сақтау ісімен таныстыратын деректері жыл сайын жаңартылып тұрады.
https://www.muzei-torgai.kz/zaldar/libi-zhangeldin-tarikhi-memorialdy-muzeji.html#sigFreeId0d7ee5186f