Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Шақшақ жәнібек тархан ту қиындысы

Тудың қиындысы - Жәнібек тархан ұстаған атасы Шақшақ батырдың туының қиындысы. Тапсырған Алматы қаласынан ұрпағы Әбдрашит Бектемісовтың жұбайы Ғалия апай. Тарихта Шақшақ батыр ХҮІ-ғасырдағы Есім ханның бас батыры болып келсе, Жәнібек бабамыз ХҮІІІ-ғасырда өмір сүрген. 600 жылға тартқан тудың қиындысын бізге жеткізгендегі осы негізгі мақсат Шеген ұрпақтарының кейбір балаларында сәби болмағанда шаңыраққа осы қиындыны іліп ырымдаған екен, содан кейін нәрестелі болған екен деген. Сөйтіп, бұл ұрпақ жалғастыратын тудың қиындысы деп берген болатын. Жәнібек Қошқарұлы (1693-1752) – жоңғарларға қарсы күресте даңқы шыққан қазақ батыры. Бұқар жыраудың сөзімен айтқанда, Жәнібек-«Қаракерей Кабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Шыққан тегі -Орта жүздің тайпасына. Ол Шақшақұлы Жәнібек деген атпен кеңінен танымал, Атасы Шақшақ Аманжолұлы Еңсегей бойлы ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Жәнібек батыр 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек батыр Еділ қалмақтарымен және жоңғарлармен болған күреске қатысып отырған. 1726 жылы Бұланты шайқасында Орта жүз әскерлерінің бөлігі Жәнібек батырдың басқаруына қараған. Жәнібек батыр 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар әскерлері орта жүге шабуыл жасағанда қазақ әскерлеріне басшылық еткен. Жәнібек батырдың бастаған қазақ жасақтары саны жағынан басым басқыншыларға тойтарыс берді. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынбарға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек батырдың жүктеген. Ресей патшайымы Елизазавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке тархан атағы берілді. Жәнібек 1752 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тосын құмында қайтыс болған. Батырлың мәйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.