Дулыға
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай музейлерінің кешені» КММ-не қарасты Шақшақ Жәнібек музейі үшін арнайы жасалған реконструкция.
Жасалған жылы: 1993 жыл
Жасалған жері: Алматы қаласы
Жасалған орны: музейлерді өңдеу шеберхана
Мақсаты: Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының дәуіріндегі жауынгердің қорғаныс жарағын музей экспозициясында көрсету.
Сипаттамасы:
Атауы: Дулыға – жауынгердің басын, мойны мен жүзін соққыдан қорғауға арналған әскери жарақ. Экспонат күмбез тәрізді металл негізден, бетті қорғайтын тілшеден және мойын мен желкені жабатын шынжырлы сауыттан (бармица) тұрады. Бұйым — XVIII ғасырдағы қазақ сарбаздарының жабдықтарын таныстыру мақсатында Шақшақ Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына орай арнайы жасалған көрнекі тарихи реконструкция. Экспонат батыр өмір сүрген XVIII ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен әскери жабдықтарын көрерменге таныстыру мақсатында жасалған көрнекі реконструкция болып табылады.
Ескерту: Бұл бұйым – XVIII ғасырдан сақталған түпнұсқа жәдігер емес, тарихи үлгі негізінде 1993 жылы музей экспозициясы үшін арнайы жасалған реконструкция. Шақшақ Жәнібек музейіне 1993 жылы батырдың туғанына 300 жыл толуына орай экспозицияға қоюға арналған.
Инвентарлық №: ____
Өлшемі: ____
Музейге түскен жылы: 1993 ж.







