Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Сауыт
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай музейлерінің кешені» КММ-не қарасты Шақшақ Жәнібек музейі үшін арнайы жасалған реконструкция. Жасалған жылы: 1993 жыл Жасалған жері: Алматы қаласы Жасалған орны: музейлерді өңдеу шеберхана Атауы: Сауыт — жауынгерді суық қарудан қорғауға арналған қорғаныс киімі. Темір шығыршықтардан тоқылып, кеуде бөлігі металл тақташалармен безендірілген. Материалы: темір. Техникасы: өріп, құрастыру. Экспонат батыр өмір сүрген XVIII ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен әскери жабдықтарын көрерменге таныстыру мақсатында жасалған көрнекі реконструкция болып табылады. Ескерту: Бұл бұйым – XVIII ғасырдан сақталған түпнұсқа жәдігер емес, тарихи үлгі негізінде 1993 жылы музей экспозициясы үшін арнайы жасалған реконструкция. Шақшақ Жәнібек музейіне 1993 жылы батырдың туғанына 300 жыл толуына орай экспозицияға қоюға арналған. Алматы қаласы музейлерді өңдеу шеберханасында жасалған. Музейге түскен жылы: 1993 ж.