Білектік
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай музейлерінің кешені» КММ-не қарасты Шақшақ Жәнібек музейі үшін арнайы жасалған реконструкция.
Жасалған жылы: 1993 жыл
Жасалған жері: Алматы қаласы
Жасалған орны: музейлерді өңдеу шеберхана
Мақсаты: Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының дәуіріндегі жауынгердің қорғаныс жарағын музей экспозициясында көрсету.
Сипаттамасы:
Атауы - Білектік – дәстүрлі жауынгерлік жарақтардың бірі, білекті қорғауға арналған қорғаныш бұйым. Бұйым бірнеше бөліктен құрастырылып, қолды сыртқы соққыдан қорғауға бейімделген. Беткі бөлігі қазақы ұлттық нақыштағы сәндік өрнектермен әсем безендірілген. Бекітуге арналған ілмектері сақталған.
Материалы: металл, былғары.
Техникасы: соғу,бедерлеу, ою-өрнек салу
Экспонат батыр өмір сүрген XVIII ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен әскери жабдықтарын көрерменге таныстыру мақсатында жасалған көрнекі реконструкция болып табылады.
Ескерту: Бұл бұйым – XVIII ғасырдан сақталған түпнұсқа жәдігер емес, тарихи үлгі негізінде 1993 жылы музей экспозициясы үшін арнайы жасалған реконструкция. Шақшақ Жәнібек музейіне 1993 жылы батырдың туғанына 300 жыл толуына орай экспозицияға қоюға арналған.
Инвентарлық №: ____
Өлшемі: ____
Музейге түскен жылы: 1993 ж.







