Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Найза
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай музейлерінің кешені» КММ-не қарасты Шақшақ Жәнібек музейі үшін арнайы жасалған реконструкция. Жасалған жылы: 1993 жыл Жасалған жері: Алматы қаласы Жасалған орны: музейлерді өңдеу шеберхана Мақсаты: Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының дәуіріндегі жауынгердің қорғаныс жарағын музей экспозициясында көрсету. Сипаттамасы: Атауы - Найза – қазақ халқының дәстүрлі суық қаруларының бірі, жауынгерлік мақсатта қолданылған. Бұйым ұзын ағаш саптан және үшкір темір ұшынан тұрады. Темір ұшы соғу әдісімен жасалып, сапқа берік бекітілген. Саптың жоғарғы бөлігінде қаруды қолға ыңғайлы ұстауға және бекітуге арналған қайыс бауы бар. Найза – халқымыздың жауынгерлік дәстүрі мен қару-жарақ жасау өнерін танытатын тарихи-мәдени құнды жәдігер. Материалы: ағаш, металл, былғары Техникасы: ағашты өңдеу, металды соғу, құрастыру Экспонат батыр өмір сүрген XVIII ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен әскери жабдықтарын көрерменге таныстыру мақсатында жасалған көрнекі реконструкция болып табылады. Ескерту: Бұл бұйым – XVIII ғасырдан сақталған түпнұсқа жәдігер емес, тарихи үлгі негізінде 1993 жылы музей экспозициясы үшін арнайы жасалған реконструкция. Шақшақ Жәнібек музейіне 1993 жылы батырдың туғанына 300 жыл толуына орай экспозицияға қоюға арналған. Инвентарлық №: ____ Өлшемі: ____ Музейге түскен жылы: 1993 ж.