Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Айбалта
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғай музейлерінің кешені» КММ-не қарасты Шақшақ Жәнібек музейі үшін арнайы жасалған реконструкция. Жасалған жылы: 1993 жыл Жасалған жері: Алматы қаласы Жасалған орны: музейлерді өңдеу шеберхана Мақсаты: Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының дәуіріндегі жауынгердің қорғаныс жарағын музей экспозициясында көрсету. Сипаттамасы Атауы: Айбалта — қазақ көшпенділерінің дәстүрлі бес қаруының біріне жататын, жақын және ат үстіндегі шайқастарда қолданылған суық қару. Жүзінің жарты ай пішінді болуы жаудың сауытын бұзып, терең зақым келтіруге мүмкіндік берген. Сонымен қатар, айбалта тек соғыс құралы ғана емес, хандар мен батырлардың, елшілердің лауазымдық дәрежесін, әскери билігін көрсететін ғұрыптық әрі символдық мәнге ие болған Материалы: болат (темір), ағаш, мыс/жез (немесе күміс) құймалары. Техникасы:соғу, жону, шегелеу, оймышталған өрнек салу. Экспонат батыр өмір сүрген XVIII ғасырдағы қазақ жауынгерлерінің қару-жарағы мен әскери жабдықтарын көрерменге таныстыру мақсатында жасалған көрнекі реконструкция болып табылады. Ескерту: Бұл бұйым – XVIII ғасырдан сақталған түпнұсқа жәдігер емес, тарихи үлгі негізінде 1993 жылы музей экспозициясы үшін арнайы жасалған реконструкция. Шақшақ Жәнібек музейіне 1993 жылы батырдың туғанына 300 жыл толуына орай экспозицияға қоюға арналған. Инвентарлық №: ____ Өлшемі: ____ Музейге түскен жылы: 1993 ж.