Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Музейде Жәнібектің батыр да, би де, мәмлегер болғандығын дәлелдейтін
Музейде Жәнібектің батыр да, би де, мәмлегер болғандығын дәлелдейтін Орынбор мұрағатынан әкелінген бірнеше құжаттардың тізімі бар, соның ішінде Орта жүз бен Кіші жүздің батыры және биі болған Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның арнайы жарлығымен «Тархан» деген атақтың берілгендігі. Тархан атағы әскери шен болып келеді.Сол кездегі ферд-маршал, қазіргі генерал- лейтенант званиясымен пара-пар болып келеді. Тархан- князь деген титулмен пара-пар болып келеді. Жәнібек өмір сүрген уақыттағы жер-мал, жан осы кісінің меншігінде болған. Және тархан атағы атадан балаға мұра ретінде қалып отырған., баласы Дәуітбайға берілген. • Тарихи маңызы: Жәнібек батыр қазақтар арасынан тұңғыш рет ресми түрде «тархан» атағын алған қайраткер. Бұл лауазым орыстың әскери жүйесіндегі фельдмаршал (немесе генерал) дәрежесіне теңестіріліп, иесіне үлессіз артықшылықтар берді. • Артықшылықтары: Тархан атағын алған адам мен оның ұрпақтары әскери міндеттер мен барлық салық түрлерінен босатылды, сондай-ақ сот ісінен тыс ерекше құқықтарға ие болды. Себебі: Батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстардағы ерлігі, Орта жүздің әскери күштерін ұйымдастырудағы рөлі және дипломатиялық шеберлігі, соның ішінде Абылай ханды жоңғар тұтқынынан құтқаруға сіңірген еңбегі де ескерілді. Ресей әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуенінің қауіпсіздігін Жәнібекке жүктеген екен, қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға келіссөздерге қатысқан. Тапсырған : 1993 жылы Шақшақ Жәнібек батырдың туғанына 300 жыл толуына орай музейдің ашылуына орай Орынбор қаласы мұрағатынан аудан әкімі орынбасары Сұлтанғали Оспанов мырза бірнеше тарихи құжаттармен алып келген, экспозицияға қоюға арналған. Музей қорына енгізілген. Ескерту : Бұл құжаттар көшірме. Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына «Тархан» атағын беру туралы Жарлық (көшірме) Экспонат туралы мәлімет: Бұл бірегей құжат – Орта жүз бен Кіші жүздің бас батыры, биі әрі бірегей мәмлегері (дипломаты) Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның арнайы жарлығымен «Тархан» атағының берілгендігін растайтын тарихи құжаттың көшірмесі. Шақшақ Жәнібек – қазақ тарихында бұл жоғары әскери-азаматтық лауазымды ресми түрде иеленген тұңғыш тұлға. Мұражайға келу тарихы: Құжат 1993 жылы Шақшақ Жәнібек батырдың туғанына 300 жыл толуына және мұражайдың салтанатты ашылуына орай арнайы алдырылған. Соңғы деректер мен түпнұсқа негізінде бұл құжаттарды Орынбор қаласының мемлекеттік мұрағатынан сол тұстағы аудан әкімінің орынбасары Сұлтанғали Оспанов мырза іздестіріп, тауып әкелген. Шақшақ Жәнібектің бір мезетте әрі батыр, әрі елші, әрі би болғанын дәлелдейтін басқа да құжаттармен бірге бұл жәдігер мұражайдың негізгі қорына енгізіліп, экспозицияның басты құндылығына айналды. Тархан атағының маңызы: Тархан лауазымы сол дәуірдегі ең жоғары әскери шендермен (генерал/фельдмаршал) теңестірілді. Бұл атақ иесіне және оның ұрпақтарына: • Мемлекеттік салықтардан толық босатылу; • Әскери міндеттерден жеңілдіктер алу; • Ерекше сот құқығына ие болу сияқты үлкен артықшылықтар берген. Бұл жарлық – Жәнібек батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы көшбасшылығы мен Абылай ханды тұтқыннан босатудағы дипломатиялық еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын айғағы.