Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Шақшақ Жәнібек батырдың Ресей патшайымы Елизавета Петровнаға жазған хаты (көшірме)
Шақшақ Жәнібек батырдың Ресей патшайымы Елизавета Петровнаға жазған хаты (көшірме) Экспонат туралы мәлімет: Бұл жәдігер — Орта жүз бен Кіші жүздің бас батыры, биі әрі елшісі Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының Ресей патшайымы Елизавета Петровнаға жолдаған арнайы хатының көшірмесі. Сол дәуірдің дипломатиялық талаптары мен дала дәстүріне сай, бұл тарихи құжат араб графикасымен (төте жазумен) жазылған. Хат Жәнібек бабамыздың тек айбынды жауынгер емес, сонымен бірге сауатты, халықаралық деңгейде келіссөз жүргізе білген ірі саяси тұлға, мәмлегер болғанын айқын дәлелдейді. Мұражайға келу тарихы: Құжат 1993 жылы Шақшақ Жәнібек батырдың туғанына 300 жыл толуына және мұражайдың салтанатты ашылуына орай арнайы алдырылған. Тарихи маңызы зор бұл құжатты Орынбор қаласының мемлекеттік мұрағатынан сол тұстағы аудан әкімінің орынбасары Сұлтанғали Оспанов мырза іздестіріп, мұражай экспозициясына қою үшін басқа да құжаттармен бірге алып келген. Құжат мұражайдың негізгі қорына енгізілген. Құжаттың тарихи құндылығы: Араб қарпімен жазылған бұл хат — XVIII ғасырдағы қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тікелей куәсі. Ол Шақшақ Жәнібектің мемлекетаралық маңызды мәселелерді шешудегі, соның ішінде елдің ішкі-сыртқы саясаты мен шекара қауіпсіздігін қорғаудағы билік өкілеттілігі мен жоғары беделін көрсетеді.