3-5 қыркүйек күндері Тобыл Торғай жерінде өтетін ЮНЕСКО бойынша тойланып жатқан Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар Әулиекөл ауданында болған төтенше жағдайға байланысты кейінге шегірілгендігі хабарланды. Алайда Торғай жерінде орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейі 2022 жылы ағымдағы жөндеу мен реэкспозициядан өтіп, 5 қыркүйек күні аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы, мәслихат басшысы Нұрғазин Серік,аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, ауыл әкімі Кемеңгер Қарағұлұлы және сырттан келген қонақтарды бастап келген облыстық мәдениет бөлімінің маманы Зейнекина Б, зиялы қауымдар, ахметтанушылар Өмірхан Әбдиманұлы, Зейнеп Базарбаева, Алмасбек Әбдісадық, Анар Салқынбай, Досалы Салқынбек, Гүлжаһан Орда, Светлана Смагулова, Анар Фазылжанова, Жұбаева Орынай , Амандық Әмірхамзиннің қатысуымен музей ашылып, халық назарына ұсынылды. Осы музей ашылу барысында Алматыдағы Ахаң музейінің меңгерушісі Райхан Имаханбет Сахыбекқызына Торғай қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Торғайдағы қос арысқа арналған музей 5 қыркүйектен бастап халыққа есігін айқара ашты.