Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға

Тобыл Торғай жерінде өтіп жатқан ұлы мерекенің жалғасы Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының  150  жылдығына арналған  «Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға»  тақырыбында өткен республикалық  ғылыми -тәжірибелік конференциясымен жалғасын тапты. Конференцияға ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қойшығара Салғараұлы, Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов, конференция модераторы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, г.ғ.д., профессор Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы, конференция спикерлері  Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері,  жазушы, ф.ғ.д Ғарифолла Қабдолқайырұлы Әнес , ахметтанушы, жазушы, ф.ғ.к профессор Оспанов Серік Оспанұлы,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, "Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ҰҒПО" КеАҚ Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы баяндамалары оқыды. Конференцияның екінші салтанатты бөлімі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай арнайы мерейтойлық медалінің марапаттауымен және Жангелдин ауданың құрметті азамат атағы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Тіл жанашыры" сыйлығын табыстаумен   жалғасты.
#АхметБайтұрсынұлы150жыл