Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 10 қазан, Балалар жылы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Амантоғай жалпы орта білім беретін мектебінің 9 - 11 сынып оқушылары Торғай еліне келді

Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин мемориалды педагогикалық музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбеков музей үйін, жер шарын айналған қазақтың тұңғыш саяхатшысы Әліби Тоғжанұлы Жангелдин тарихи - мемориалды музейін, Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы әдеби музейін аралады. Музей қорындағы құнды жәдігерлер мен кітаптармен танысып, мол мәліметтер алды.