БЕКЕНОВ АМАНҚҰЛ - (16.11.1939 ж.т., Торғай-2020 ж) ҚР Жаратылыстану ҒА-ның акад. 1961 ж. Абай атын.Қазақ пед. ин-тын бітірген. 1961-95 ж. аралығында ҒА-ның Зоология ин-тында аспирант, кіші, аға ғыл.қызметкер, териология зертханасының меңгерушісі, директордың ғыл. істер жөніндегі орынбасары болып істеді. 1995 жылдан Зоология және жануарлар генофонды ин-тының директоры, териология зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 180- нен астам ғыл. еңбегі жарық көрген. Ғыл. зерттеулерінің негізгі бағыты омыртқалы жануарлар (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) зоологиясы. Қазақстанда ақбөкенді қорғау және оның санын қалпына келтіру мәселелерін зерттеген. Б-ке Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемл. сыйлығы берілген (1982).
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/1060-b-gin-alym-biolog-biologiya-ylymyny-doktory-professor-bekenov-aman-l-a-amyzdy-tu-an-k-ni.html#sigFreeId4be9692954