Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 22 қараша күні Балалар жылы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай

Қаратүбек орта мектебінің 8 сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралап, Қос арыстың өмірі мен шығармашылығы, музейдегі құнды экспонаттармен, Жиһанкез, саяхатшы Әліби Жангелдиннің мемориалды музейіне барып Торғай елінің тарихымен, қазақ даласындағы алғашқы мектепті Торғайда ашқан қазақтың белгілі педагог - ағартушысы, этнограф - ғалым және публицист Ыбырай Алтынсарин мемориалды - педагогикалық музейін аралап, Ұлы ағартушының өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларымен және XVIII ғ батыры Шақшақ Жәнібек тарихи музейін аралап, жәдігерлермен танысты.