Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Музейдің құнды жәдігерлерімен танысу

29 желтоқсан күні  Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының  ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы мен филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын,  филология факультетінің деканы Айбек Қалиев және бір топ институт  қызметкерлері Торғайға келіп, Шақшақ Жәнібек  тарихи музейін және Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейлерін аралады. Музейдің құнды жәдігерлерімен танысты. Экскурсия жүргізген музей басшысы Гүлбану Құлетқызы.