Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Белгілі ғалым, экономика ғылымының докторы, академик, жерлесіміз Сайлау Байзақов өмірден озды . Отбасына, бауырына, ағайын туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз!
 
Торғай мұражайлар кешені ұжымы
Торғай мұражайлар кешені басшысы Гүлбану Құлетқызы
БАЙЗАҚОВ САЙЛАУ - (12.12.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.2023ж) – ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы (1974ж), проф. (1981ж), Халықаралық ақпараттау академиясының академигі (1992ж), Халықаралық менеджмент академиясының академигі (1996ж). Халық ш. ун-тінің механика- математика ф-тін (1961ж),  Алматы  халық  ш. ин-тының  жоспарлау-экономика ф-тін (1965ж) бітірген. Еңбек  жолын Қазақ ун-тінің есептеуіш математика кафедрасында ассистент болып бастап, есептеуіш орт-ның аға инженер-экономисі, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964-1988 ж аралығында  Қазақ  КСР  Жоспарлау к-ті жанындағы экон.зерттеулер ин-тының бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі  орынбасары болып істеді. 1968 ж. аймақтар экономикасы   жөнінде кандидаттық, 1974 ж. Мәскеуде  «Совершенствование размещения производства и переработки сельскохозяйсвенных продуктов на основе методов многоступенчатой оптимизации» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1981 жылдан Қазақстан экономистер одағының төрағасы, Халықаралық экономистер одағының төрағасы (1981-1993ж) болып сайланды. 1991-1997 ж. Қазақстан ұлттық экономикасының үкіметтік бағдарламалары мен жобаларын  әзірлеуге атсалысты. 1986-1993 ж. Басқару  ғыл.- зерт. ин-тының директоры болды. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесінің бағалы қағаздар жөніндегі  ұлттық комиссиясының бас сарапшысы (1994-1995ж), ҚР үкіметінің  жанындағы мемл.қызметкерлер  біліктілігін жетілдіру ин-тының директоры (1996-1999ж), жергілікті кеңесшілер жетекшісі (1999-2002ж) қызметтерін атқарды. 2001-2004 ж.  Климатты өзгерту жөніндегі үйлестіру от-ның макроэкон.тобын басқарды. Ғыл. еңбектері негізінен экономиканы үйлестіруді жүйелі модельдеу  мәселелеріне, қоғамдық өндірістің тиімділігі теориясын зерттеуге бағытталған. Б-ның жетекшілігімен 50 зерттеуші кандидаттық, 10 адам докторлық диссертация қорғады. Бірнеше мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.  Ғалым «Құрмет» орденімен (2007ж) марапатталған.