Өмірден озды..... Журналист жазушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жақсылық Жүнісұлы өмірден озды. Ағайын - туыс, бауырлары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз! Жүнісұлы Жақсылық - (01.01.1943 ж.т., Торғай) - журналист - жазушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері (2008ж), Арқалық қ - ның Құрметті азаматы (2011ж). Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун - тінің журналистика ф - тін бітірген (1968ж). Еңбек жолын Жангелдин ауд. кеңесі атқару к - нің нұсқаушысы болып бастаған. 1963ж. Қостанай обл. «Коммунизм таңы», Торғай обл. «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 ж. «Қостанай таңы» газетінің Арқалық ауд - дағы меншікті тілшісі болып істейді. Қаламгердің «Сыр сандық» (2003), «Дала дарабоздары» (2007ж), «Жылдар жаңғырығы» (2012ж) кітаптары баспадан шықты.
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/1603-zhurnalist-zhazushy-aza-stanny-m-deniet-ajratkeri-zha-syly-zh-nis-ly-mirden-ozdy.html#sigFreeIdb74217ed79