Әнші, күйші, сазгер, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Деріпсалдин Қалибек ағамыз дүниеден өтті. Отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Деріпсалдин Қалибек (10.01.1953 ж.т., Амангелді к.) - әнші, күйші, сазгер, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі (1980), Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991). Жамбыл қ-ндағы мәдени- ағарту уч-щесін бітірген. Уч-щеде оқып жүріп, 1970 жылдан бастап Жамбыл обл. филармониясының эстрадалық "Алатау", осы облыстың Жуалы ауд. "Қызғалдақ" ансамбльдерінің құрамында, екі рет Мәскеу қ-нда өнер көрсеткен. 1980ж . Торғай обл-ның Қима ауд. мәдениет бөлімін басқарып, "Гүлдәурен" залық аспаптар ансамблін құрды. Д. әр жылдары Аркалық қ-нда "Торғай толғауы", "Балауса", Амангелді ауд-нда "Торғай толқыны", "Көктем гүлі" ансамбльдерін ұйымдастырды. Д. Қостанай қ. мәдениет бөлімінің "Мирас" ансамблінде қызмет атқарды. Екі рет КСРО композиторлар одағының, Қазақстан композиторлар одағының дипломдарымен марапатталған. Д.құрған ансамбль 2000 ж. І және ІІ Бүкілодақтық халық ш. фестивалінің жүлдегері болды. Әнші 2005 ж. Қостанай жомарттар клубының "Қазына" сыйлығын алды. 2006 ж Астана қаласында өткен "Елім менің" атты респ. патриоттық әндер байқауының "Тәуелсіздігімізге 15 жыл" және "Аманат" номинациялары бойынша екі мәрте жеңімпазы атанды. 2007 ж Уфа қаласында ұйымдастырылған халықаралық байқауда жүлдегер атанды. Әнші-сазгердің " Сағыныш сазы", "Сен мені түсінесің бе?", "Ерке құсым", " Айлы түнде", "Арман айым", "Қайдасың, қайда менің аңсағаным?", т.б. әндері жұртшылық арасына кең тараған. Д."Көктем қыздар" (1993), "Домбыра сазы" (1993), "Айлы түнде" (2003), "Торғай әуендері" (2007) ән жинақтарды құрастырып, баспадан шығарды. Сазгердің 80-нен астам әні, 5 күйі бар.