2025 жылдың 5 наурызында Алаш арысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Торғай мұражайлар кешенімен бірлескен "Қазақ рухын оятқан тұлға" тақырыбында көрме ұйымдастыру жоспарлануда. Осы көрменің ғылыми тұжырымдамасымен танысу және тақырыптық экспозициялық жоспарымен келісу үшін музей басшысы Гүлбану Құлетқызы Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейіне іс сапармен барды. Ұлттық музейдің басшысы Берік Әбдіғалиұлымен, музейдің басшысының орынбасарымен кездесіп, көрменің өту барысы, жоспарымен танысты.
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/1833-mirzha-yp-dulat-lyny-tu-anyna-140-zhyl-toluyna-oraj-aza-stan-respublikasyny-ltty-muzejinde-tor-aj-m-razhajlar-keshenimen-birlesken-aza-rukhyn-oyat-an-t-l-a-ta-yrybynda-k-rme-jymdastyru-zhosparlanuda.html#sigFreeId906e2eb4d4