Бүгін 6 ақпан журналист, ақын, сықақшы Нұрқалиев Марат Тұрсынбекұлының туған күні.
НҰРҚАЛИЕВ МАРАТ ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ – (6.02.1954-1987жж) Торғайда туған. Журналист, ақын, сықақшы, әуесқой сазгер. «Қызыләскер» орта мектебін бітірген соң 1971-76 ж Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. Еңбек жолын Арқалық қаласындағы «Маздақ» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде әнші болып бастаған. Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінде, «Қайнар» баспасында, сатиралық «Ара» журналында қызмет атқарды. Мараттың өлеңдері «Тың тынысы», «Алты әзілкеш», «Арма қанатында» ұжымдық жинақтарына енген. 1985 ж «Темір телпек» атты сықақ өлеңдер жинағы жарық көрді. Мәтінін өзі жазған «Қызғалдақ теріп жүрмісің?», «Сол бір әйел», «Қыз Жібек сенбісің?» «Ардагер әке», «Көңілді қыс», «Арман-дәурен» т.б. әндері бар. Қаламгердің көзі тірісінде өзі құрастырған әзіл әңгімелер жинағы «Жалын» баспасының қорында сақтаулы. Жангелдин ауданына қарасты «Қызыләскер» ауылындағы бір көшеге ақын есімі берілген. Торғайдағы А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының мұражайында Мараттың өмірі мен шығармашылық қызметін баяндайтын арнайы бұрыш ұйымдастырылған.
View the embedded image gallery online at:
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/1841-b-gin-6-a-pan-zhurnalist-a-yn-sy-a-shy-n-r-aliev-marat-t-rsynbek-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdc02a697400
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/1841-b-gin-6-a-pan-zhurnalist-a-yn-sy-a-shy-n-r-aliev-marat-t-rsynbek-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeIdc02a697400