Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

"Тобыл-Торғай күйлері" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді

2025 жылдың 11-ші желтоқсан күні Арқалық қаласында "Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында" дайындалған "Тобыл-Торғай күйлері" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Бұл іс-шараға "Торғайдың "Жангелдин мұражайлар кешені" КММ басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы арнайы шақырту бойынша қатысты...

Атаулы іс-шараның құрметіне жасалған көрмеге "Торғайдың "Жангелдин мұражайлар кешені" қорынан Сазгер Болат Хамзиннің, Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың ,ақын,жырау,күйші Ахметхан Әбіқаевтардың домбыралары қойылды.