Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін қоғам және мемлекет қайраткері Қосабаев Жақан Қосабайұлының туғанына 85 жыл.

ҚОСАБАЕВ ЖАҚАН - (12.01.1941-2007ж) Жангелдин ауданы Тамқамыс ауылында туған. Қоғам және мемлекет қайраткері. Ресейдің Челябинск қаласындағы ауыл шаруашылық институтын (1965), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1959 ж. Сталин атындағы ұжымшарда бастаған. 1965 ж.аудан орталығындағы кәсіптік білім беретін училищеде оқытушы, «Торғай» кеңшарында автогараж меңгерушісі (1966), «Южный» кеңшарында бас инженер (1967) қызметтерін атқарды. 1967 ж. Жангелдин ауданы Комсомол комитетінің 2-хатшысы болып сайланды, 1970 ж. «Речной» кеңшары партия ұйымының хатшысы, 1973 ж. Аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1974 ж. «Қызбел» кеңшары партия ұйымын басқарып, 1975-81 ж. аралығында «Албарбөгет» кеңшарының директоры болды. Жақан басқарған кезеңде кеңшар қой шаруашылығын дамытуда үздік көррсеткіштерге қол жеткізіп, Бүкілодақтық Қызыл Туды жеңіп алды. 1981-85 ж. халық депутаттары Жангелдин аудандық атқару комитетін басқарды, 1985-87 ж. Торғай облысы жергілікті өнеркәсіп басқармасының бастығы, 1987-91 ж. Қазақстан компартиясы Жангелдин ауданы комитетінің 1-хатшысы, аудан әкімі қызметін атқарды. 1991-925 ж. Торғай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 1992-95 ж. облыс әкімі болып қызмет істеді. Торғай кентінде бір жылдың ішінде арнайы бағдарламамен 300 үйдің салынуы Жақанның еңбегі. Ж.Қосабаев тұсында Торғай мұражайлар кентіне айналды, көшелерге асфальт төселіп, екі қабатты почта ғимараты, әмбебап дүкен, «Шаңырақ» мейрамханасы, «Топжарған» және кеңшарлар орталықтары, стадиондар, аэропорт алаңы іске қосылды, бірнеше елді мекенге жылу жүйесі тартылып, мешіт ашылды. Торғай кентінде облыстық спартакиада өткізілді. Ж.Қосабаевтың ел мен жер тарихына арналған «Торғай дуан» (1995), «Туған жер деп толғандым» (2008) кітаптары баспадан шықты. Қайраткер бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестерге депутат болып сайланды.