2026 жылға арналған атаулы күндер мен мемлекеттік, ұлттық және кәсіби түрде мерекелерді жоғары деңгейде атап өту мақсатында
2026 жылға арналған атаулы күндер мен мемлекеттік, ұлттық және кәсіби түрде мерекелерді жоғары деңгейде атап өту мақсатында арнайы жоспарлау отырысы өткізілді. Отырыс барысында жыл көлемінде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік, тәрбиелік және танымдық іс-шаралардың мазмұны мен форматы жан-жақты қарастырылды.
Талқылау барысында әрбір атаулы күн мен мерекенің маңыздылығы ескеріліп, оларды өткізудің тұжырымдамасы, мақсатты аудиториясы және күтілетін нәтижелері айқындалды. Мерекелік іс-шараларды қоғамның рухани құндылықтарын насихаттауға, тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағыттау қажеттігі атап өтілді.
Жоспар аясында көрмелер,дөңгелек үстелдер, танымдық кездесулер, ашық сабақтар мен ақпараттық жарияланымдар ұйымдастыру ұсынылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді. Әр іс-шара бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, өткізу мерзімдері мен ұйымдастыру тетіктері нақтыланды. Жоспарланған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.













