Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Тарихи деректер бойынша 1928 жылдың 17 қаңтарында

Тарихи деректер бойынша 1928 жылдың 17 қаңтарында Қостанай округіне қарасты аумақтарда аудандар құрылып, соның ішінде Торғай, Наурызым, Батпаққара аудандары болған. Қазақ автономиялық республикасы атқару комитетінің сол кезеңде шыққан қаулысымен Тосын, Қарақоға, Майқарау болыстарының жерінен- Торғай ауданы, ал Қарақоғаның бір бөлігі мен Қараторғай және Сарыторғай болыстарынан- Бетпаққара ауданы құрылған.1930 жылғы 17 желтоқсанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес сол жылғы 23 шілдеден бастап округтік бөліністер жойылып, орнына аудандық бөліністер келді. Қазақ АССР құрамындағы бұрыңғы 180 аудан орнына 121 аудан ірілендіріліп құрылса, соның бірі біздің Торғай ауданы болды.

1932 жылы қаңтарда СОКП Орталық Комитеті Қазақстанда облыстар құруды жеделдетін шешуді ұйғарды. Қазақ АССР Жоғарғы Кеңесінің сегізінші шақырылымының екінші сессиясы облыстар құру туралы шешім шығарды. 1932 жылдың 20 ақпанынан бастап аудандар жаңадан құрылған алты облыстың құрамына кіргізілді. Торғай ауданы осы кезеңде құрылған Ақтөбе облысының құрамына 17 ауданның бірі болып, енген еді. 1936 жылдың 29 шілдесінде Ақтөбе облысының 11 ауданы мен Қарағанды облысының Преснегорскі аудандары негізінде Қостанай облысы құрылып, Торғай ауданы да оның құрамына енгізілді.

1956 жылғы 2-ші қарашадан Торғай ауданы Дала комиссары Әліби Жангелдиннің құрметіне Жангелдин ауданы болып өзгертілді.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1970 жылғы 23 қарашадағы «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын құру туралы» Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданы торғай облысының құрамына енді. Торғай облысы 1997 жылы 22 сәуірде екінші рет таратылғаннан кейін аудан Қостанай облысына қайтадан қосылды. Қазіргі таңда Жангелдин ауданына 98 жыл!