Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 6 ақпан, журналист, ақын, сықақшы, суретші Нұрқалиев Марат Тұрсынбекұлының туған күні.
НҰРҚАЛИЕВ МАРАТ ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ – (6.02.1954-1987жж) Торғайда туған. Журналист, ақын, сықақшы, әуесқой сазгер. «Қызыләскер» орта мектебін бітірген соң 1971-76 ж Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. Еңбек жолын Арқалық қ-ндағы «Маздақ» фольклорлық-этногр. ансамблінде әнші болып бастаған. Торғай обл. «Торғай таңы» газетінде, «Қайнар» баспасында, сатиралық «Ара» журналында қызмет атқарды. Мараттың өлеңдері «Тың тынысы», «Алты әзілкеш», «Арма қанатында» ұжымдық жинақтарына енген. 1985 ж «Темір телпек» атты сықақ өлеңдер жинағы жарық көрді. Мәтінін өзі жазған «Қызғалдақ теріп жүрмісің?», «Сол бір әйел», «Қыз Жібек сенбісің?» «Ардагер әке», «Көңілді қыс», «Арман-дәурен» т.б. әндері бар. Қаламгердің көзі тірісінде өзі құрастырған әзіл әңгімелер жинағы «Жалын» баспасының қорында сақтаулы. Жангелдин ауд-на қарасты «Қызыләскер» а-ндағы бір көшеге ақын есімі берілген. Торғайдағы А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының мұражайында Мараттың өмірі мен шығармашылық қызметін баяндайтын арнайы бұрыш ұйымдастырылған.