Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

06 ақпан күні Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес «Абайлаңыз: алаяқтар!» атты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Жангелдин аудандық прокуратурасының прокуроры Йылқыбай Сәттіқұл Еламанұлы қатысып мұражайлар кешені ұжымына алаяқтықтың түрлерін айтып, алаяқтықтан қалау қорғану керек екенін түсіндірді. Кәзіргі таңда Электронды пошталар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы жасалатын алдаулар күннен-күнге күрделеніп келе жатқанын. Алаяқтықтан сақтану үшін келесі қағидаларды сақтау керек екенін: Жеке деректерді ешкімге беруге болмайды; SMS-код сұрап біреу звондаса айтпаңыздар;Белгісіз сілтемеге өтпеңіздер; Біреуге ақша аудармас бұрын нақтылап алыңыздар; Күмәнді жағдайда басшылыққа хабарласыңыздар Бейтаныс қоңырауларға сенбеңіздер деп түсіндірді. Мұражай қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Мұражай кешенінің ұжымы пайдалы ақпараттарды тыңдап, алаяқтарға ұрынбау жолдарымен танысты.