Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін ұстаз, журналист, мемлекет қайраткері Бөлебай Исабековтың туғанына 120 жыл.

ИСАБЕКОВ БӨЛЕБАЙ – (1906-1997 жж) бұрынғы Торғай оязы Сужарған ауылында туған. Ұстаз, журналист, аудармашы, мемл. қайраткері. Қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Торғай кентіндегі мектепті бітірген соң еңбек жолын 1925 ж. ояздық тұтынушылар одағында есепшіліктен бастаған. 1927-32 ж. аралығында Мәскеу, Воронеж қ-ларында жоғары білім алған. 1933-36 ж. Қазақстан Тұтынушылар одағы саласында жауапты қызметтер атқарды, Сауда техникумын ұйымдастырып, оның алғашқы директоры болды. 1936-38 ж. Алматы пед. уч-щесі оқу бөлімінің меңгерушісі ,1938-40 ж. Қазақ КСР Оқу комиссариаты басқармасын, 1940-41 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің лито басқармасын басқарды. 1943 жылдан Қазақстан компартиясы ОК-нің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, жоғары оқу орындары және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып істеді. И. Қазақстан компартиясы ОК-нде бөлім басқарған тұста Құрманғазы атын. Алматы консерваториясы (1944), Қыздар мемл. пед. ин-ты (1944), Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атын. этнография, археология және тарих, Топырақтану, тау-кен, физиология ғыл.-зерт. ин-ттары ашылды. 1945-52 ж. Қытай қазақтарында арнап шығарылатын «Қазақ елі» журналының алғашқы бас редакторы болды. Бірнеше күрделі аударма кітаптары жарық көрді. 1952-61 ж. аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының кеңсе басқарушысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң бөлімінің меңгерушісі, 1961-67 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің кеңесшісі, 1967-68 ж. Консулдар бөлімінің 1- хатшысы қызметтерін атқарды. 1968 жылдан «Мектеп» баспасының директоры болды.