Сіздерді Дүниежүзілік экскурсия жетекшілері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – тарих пен бүгінді жалғаған алтын көпір, өткеннің өнегесін бүгінгі ұрпаққа жеткізуші абыройлы маман иесісіздер. Әрбір экскурсия – тек ақпарат беру ғана емес, ол – рухани саяхат, таным мен тағылымға толы кездесу. Сіздердің білімдеріңіз, шешен тілдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз арқылы талай жан туған өлкенің тарихын танып, мәдени мұрасын құрметтеуге үйренеді. Әрбір айтқан дерек, әрбір көрсеткен жәдігер – ел жадын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосылған зор үлес. Еңбектеріңіз еленіп, еңселеріңіз биік болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз. Әр сапарларыңыз сәтті, әр экскурсияларыңыз әсерлі болсын! Игі тілекпен Торғайдың "Жангелдин мұражайлар кешені" КММ басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы.
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/2161-rmetti-ekskursiya-zhetekshileri.html#sigFreeId21660c9746













