Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін жерлесіміз ақын, журналист, аудармашы, драматург, мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбеков 80 жасқа толып отыр
Туған күніңізбен құттықтаймыз зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз
ТҰРҒЫНБЕКОВ СЕРІК – 1.03.1946 Жангелдин ауд. Тосын құмы, Төлеген қыстауында туған. Ақын, журналист, аудармашы, драматург, Қазақстан мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2011). Еңбек жолын 1964 ж Жангелдин ауд. «Жаңа өмір» газетінде бастаған. Мектеп қабырғасында жүргенде–ақ қысқа сықақ, мысал өлеңдер жазып, алғашқы шығармаларын ауд., обл., өлкелік газеттерде жарияланған. Жас ақын-жазушылардың өлкелік слетіне келген Серікті әдебиетші-ғалым З.Қабдолов Алматыға шақырып, 1966 жылы ҚазМУ-нің журналистика ф-тіне сырттай оқуға түсуіне көмегін көрсеткен. Болашақ ақын келесі жылы Алматыға біржолата келіп, Қазақ радиосына қызметке орналасты. 1971 жылы республика құрамында жаңадан Торғай обл. ұйымдастырылысымен «Лениншіл жас» газетінің солт. Аймақтағы меншікті тілшісі болып, Арқалық қ-на аттанды. 1978 жылы ел астанасына қайта оралып, Республикалық халық шығармашылығы үйінің фольклор секторына басшылық етті. Осы қызметте жүріп 1981 жылы еліміздің 11 обл-нда ақындар айтысын ұйымдастырып, халқымыздың ежелгі өнерінің қайта түлеп, қанат жаюына барынша үлес қосты. Көп ұзамай Қазақ теледидарына орналасып, халық шығармашлылығын насихаттауға белсене араласты, ақындарды теледидар сахнасына шығарды. «Жұлдыз», «Ақиқат» журналдары редакцияларында, Ғ.Мүсірепов атын. Балалар мен жастар театрында, Қазақ КСР Баспа к-нда жауапты қызметтер атқарды. 1985 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының директоры болып істеді. Ақынның алғашқы өлең жинақтары «Қобыз» (1975) бен «Көкейкестіге» (1978) жалғаса «Торғай толғаулары» (1980), «Жүрегімнің сәулесі» (1981), «Кеш келген көктем» (1982), «Сүйген жүрек» (1984), «Асан ата ізімен» (1985) жыр кітаптары баспадан шықты. Осы тұста кезінде күнделікті баспасөзде жарияланған очерк-эсселерін елеп-екшеп, «Тыңда түлегендер» (1986) деп атаған деректі дүниелерін жеке кітап етіп шығарды. Қаламгер аударма жұмысымен де жүйелі айналысып, А.Твардовскийдің «Перзент» деген лирик. Өлеңдер жинағы (1983) мен П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» (1984) дастанын қазақ оқырмандарына ұсынды. Ақынның 1998 ж жарық көрген «Жерорта» жыр жинағы оның шығармашылық жолының алтын арқауына айналды. Т.әсіресе, соңғы жылдары кең көлемді дастандарға еркін құлаш ұра бастады. Сол соны туындыларының бірі – «Кейкі батыр» дастаны үшін халықаралық «Алаш» сыйлығын алды. Бұдан кейін ақын қаламынан туған «махамбет пен Жәңгір хан» дастаны ЮНЕСКО көлемінде өткен қаһарман батырдың 200 жылдық мерейтойында «Махамбет» сыйлығымен дәріптелді. Кейінгі кезде драма жанрына бой ұрып, «Нұрхан» пьесасын Торғай театрының, «Мұқағали» пьесасын Астанадағы Қ.Қуанышбаев атын. муз-драма театрының сахнасына шығарды. Ақын қазақ компазиторларының халық арасына ке тараған көптеген әндерінінң мәтінін жазған. Халықаралық Түрік поэзиясының лауреаты болды.