Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Бүгінгі өткен дөңгелек үстеліміздің басты кейіпкерлері - отбасының берекесін кіргізіп, демографиямызға үлес қосып жүрген жас болса да, кеудесіне «Алтын» мен «Күміс» алқа таққан батыр аналарымыз.

• Досмақова Жанаргүл Серікқызы - 7 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері.

• Тәкібаева Гүлім Дүйсенбайқызы - 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері.

• Байбекова Динара Жанатқызы - 6 баланың анасы, «Күміс алқа» иегері. «Бүгінгі сұхбатымыз арқылы біз көпбалалы болу - тек қиындық емес, ол үлкен бақыт, зор мәртебе екенін түсіндік. Әр ана - нағыз батыр!

Аналардың қоғамдағы рөлі,отбасылық құндылықтарды сақтау,бала тәрбиесіндегі маңызды тұстарда айтылып өтті. Әрбір ананың өмірі-бір хикая, бір өнеге.

Іс-шара соңында Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы арнайы қонақтарымызға құттықтау жылы лебізін білдіріп алғыс хат пен естелік сыйлығын табыс етті.