Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, береке мен ырыстың мейрамы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданып, адамзатқа үміт пен қуаныш сыйлайтын ерекше күн.
Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайтын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті мереке. Бұл күні барша жұрт бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылдың басталуын ақ ниетпен қарсы алады.
Осы мереке әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағымыз бекем болсын. Әр отбасыға денсаулық, бақыт, табыс тілеймін.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!
Игі тілекпен «Торғайдың «Жангелдин мұражайлар кешені» КММ- басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы