Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Дәстүр күні

Наурызнама онкүндігі аясындағы Салт-дәстүр күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұраларын дәріптейтін ерекше күн. Қазақтың бай мәдениеті мен ұлттық құндылықтарының бірі – қонақжайлық дәстүрі.
Қазақ халқы ежелден қонақты ерекше құрметтеп, төрінен орын беріп, барын алдына тосқан. «Қонақ келсе – құт» деп білетін халқымыз үшін қонақжайлық – адамгершіліктің, кеңпейілділіктің белгісі. Үйге келген мейманды жылы жүзбен қарсы алып, дастархан жайып, сый-құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан игі дәстүр.
Қонақжайлық – тек қонақты күту ғана емес, ол адамдар арасындағы сыйластықты, татулықты, бірлікті нығайтатын ұлттық құндылық. Осындай дәстүрлер арқылы халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілі көрініс табады.
Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы мерекелі күндерде ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін!