Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бауырсақ

Бауырсақ – қазақ дастарқанының алтын дәмі.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішінде бауырсақтың орны ерекше. Ол – береке мен молшылықтың, қонақжайлықтың белгісі. Дастарқанға бауырсақ қойылса, үйдің берекесі артып, келген қонаққа деген құрмет айқын сезіледі.

Бауырсақ – тек тағам ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрімен тығыз байланысты ас. Оны той-думанда, мереке мен қуанышта, Наурыз мейрамында, қонақ күткенде міндетті түрде пісіреді.

Бауырсақ – қазақ халқының кең пейілі мен дархан көңілін білдіретін қасиетті дәм. Ол әр дастарқанның сәнін келтіріп, адамдарды бірлік пен татулыққа шақыратын ұлттық тағам болып қала береді.
Осы орайда "Торғайдың "Жангелдин мұражайлар кешені" КММ ұйымдастыруымен "Bauyrsak" акциясын жасады.