Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні немесе халық арасында Амал мерекесі депте жатады!
Қазақ халқының ежелден келе жатқан береке мен бірлікті дәріптейтін ерекше күні.
Көрісу күні – өткенге өкпе ұмытылып, адамдардың бір-біріне ақ тілегін арнайтын мейірім мерекесі.
Амал күні – ағайынның арасы жақындап, татулықтың туы көтерілетін күн.
Көрісу – тек амандасу емес, ол – жүректің жылуы мен көңілдің тазалығын білдіретін дәстүр.
Көрісу күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін ізгілік мерекесі.
Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп жылы лебіз білдіреді.Көрісу – қазақ халқының кең пейілі мен дархан көңілін көрсететін тамаша дәстүр.
Көрісу күні келгенде, әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылулық келеді деп білген екен.
Көктем мерекесі құтты болсын ағайын!













