Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ынтымақ күні

21 наурыз – Наурыз мейрамының ең маңызды әрі мәні терең күндерінің бірі – Ынтымақ күні. Бұл күн халықтың бірлігі мен татулығын, өзара құрметі мен достығын дәріптейтін ерекше мереке.
Осы айтулы күні Торғай мұражайлар кешенінің ұжымы мерекелік алаңда киіз үй тігіп, халқымыздың қонақжай дәстүрін насихаттай отырып, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті. Ұжым мүшелері бір мақсат, бір ниет жолында жұмылып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Киіз үй – қазақ халқы үшін тек баспана ғана емес, береке мен бірліктің, татулық пен сыйластықтың белгісі. Сондықтан мерекелік алаңда тігілген киіз үй елді ортақ шаңырақ астына біріктіріп, Наурыздың шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Ынтымақ пен бірлік бар жерде береке де, табыс та мол болады. Осындай игі бастамалар халықтың рухын көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге қызмет етеді.
Баршаңызды Ынтымақ күнімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен татулық, әр шаңыраққа амандық пен береке тілейміз!