Құрметті Қазақ елі!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін, жақсылық пен берекенің бастауы болған ұлық мереке. Бұл күн – татулық пен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың символы. Ата-бабамыздан мирас болған осы игі дәстүр бүгінгі ұрпақтың да жүрегінен орын тауып, халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеуде ерекше маңызға ие.
Осы жарқын мереке баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс әкелсін! Әр отбасына бақ-береке, молшылық пен шаттық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Игі тілекпен Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы.
https://www.muzei-torgai.kz/novosti-kz/2214-nauryz-mejramy.html#sigFreeId49482b0935













