Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін зоотехник, еңбекк ардагері Кәкімжан Карбозовтың туған күні!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз! Еліңізге сіңірген еңбегіңіздің жемісін көріп, әрдайым халықтың құрметі мен ықыласына бөлене беріңіз. Алла Тағала әр күніңізді қуанышқа, әр ісіңізді берекеге толтырсын!
Карбозов Кәкімжан - 3.04.1938 ж. Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылында туған - зоотехник, еңбек ардагері. Қостанай зоотехн.-малдәрігерлік техникумын бітірген (1956). Еңбек жолын кіші мал дәрігері болып бастап, 1970-92 ж. «Еңбек» кеңшарының Көлқамыс бөлімшесін басқарды. 1976 ж. мал ш-н шоғырландыру және топтастыруға, 1982 ж. мал дәрігерлік жаңа әдіске көшуге байланысты басталған мемл. науқандарға ауданда алғашқылардың бірі болып үн қатып, жаңалық жаршысы болды. Елімізде жаңа экон. және әкімш.қатынастардың басталуына орай 1992 ж. аудан бойынша жеке шаруа шаруашылығын бірінші болып қолға алды. 2005 ж. Көлқамыс ма-нда өз қаржысына Мәдениет сарайын салдырды. «Құрмет белгісі» орденімен (1981) марапатталды. 2002 ж. аудан бойынша Жыл адамы атанды. Бірнеше рет Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд. к-тінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.