Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні


Бұл күн – адамзаттың мәдени мұрасын сақтау мен құрметтеуге арналған маңызды мереке. Әрбір тарихи ескерткіш – өткеннің үнсіз куәгері, ұлттың рухани байлығы мен тарихының айнасы.

Бабаларымыздан қалған асыл мұра – көне қалалар, тарихи ғимараттар мен киелі орындар бізге өткенімізді танытып қана қоймай, болашаққа бағыт береді. Оларды сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.


Бүгінгі күні біз тарихқа тағзым етіп, мәдени мұрамызды көздің қарашығындай қорғауға шақырамыз. Себебі, тарихы бар елдің – болашағы жарқын.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, келер ұрпаққа аманат ету – бәріміздің ортақ міндетіміз.