Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

9 мамыр — ұлт рухын асқақтатқан ұлы мереке

9 мамыр — ұлт рухын асқақтатқан ұлы мереке.
Бұл күн — бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларға тағзым етіп, ерлік пен елдік рухын ұрпақ санасына сіңіретін қасиетті күн.
Торғай топырағы — талай қаһарманды дүниеге әкелген киелі өлке. Осы елден шыққан батыр ардагерлер, майдангерлер, полковник, подполковник, генерал атанған азаматтар ел қорғаны болып, Отан үшін от кешті. Олардың ерлігі — бүгінгі тәуелсіз еліміздің берік іргетасы, кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Біз ардагерлеріміздің жанқиярлық ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Батыр бабалардың рухына тағзым ету — әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Бейбітшілік пен бірлік мәңгі жасай берсін!