Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастыруымен «Музей түні» мәдени іс-шарасы өтті

Тағылымды кеш ұлы ағартушы, қазақтың тұңғыш ұстазының 185 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара барысында келушілер ағартушының өмірінен сахналық қойылым тамашалады.
Кеш қонақтарына ұлттық рух пен тарихи мұраны дәріптейтін мәдени бағдарламалар ұсынылып, музей қорындағы құнды жәдігерлер кеңінен насихатталды.
«Музей түні» — рухани құндылықтарды ұлықтап, өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын ерекше мәдени кеш болды.
Барша музей қызметкерлерін Халықаралық музейлер күнімен құттықтаймыз!
Мәдени мұрамызды сақтау жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!