1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, әр отбасының бақыты.
Осы орайда "Торғай музейлерінің кешені" ұйымдастыруымен "Бар мейірім балаларға" тақырыбында бүгін 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған өнегелі Тәпеновтар отбасымен тағылымды сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында ата-ана бала тәрбиесіндегі басты құндылықтар, отбасы бірлігі, мейірім мен жауапкершілік туралы Әсем Ғарифоллақызы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Көпбалалы отбасының басты байлығы – балаға берілген дұрыс тәрбие мен отбасындағы сыйластық екені айтылды. Осындай өнегелі отбасылар қоғамымыздың тірегі, ұрпақ тәрбиесінің жарқын үлгісі болып табылады.
Отбасына амандық, балаларына жарқын болашақ тілейміз!













