Бүгін – қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, саяхатшы, ағартушы Әліби Жангелдин дүниеге келген күн.
1884 жылы Торғай өңіріндегі Қайдауыл ауылында дүниеге келген Әліби Жангелдин саналы ғұмырын ел мүддесіне арнады. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш жиһанкездердің бірі, жер шарын жаяу аралап, көптеген елдерді көрген саяхатшы. Сонымен қатар, Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Торғай топырағынан түлеп ұшқан тарихи тұлғаның есімі туған өлкемен бірге жасай береді. Оның қажырлы еңбегі, қайсарлығы мен елжандылығы кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді.
Ұлт тарихында өзіндік із қалдырған Әліби Жангелдиннің жарқын бейнесі әрдайым халық жадында сақталады.
Туған жердің даңқын асырған тұлғаның рухына тағзым!













