Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 110 жылдығы.

Биыл еліміздің азаттық шежіресіндегі ең қасіретті беттерінің бірі - 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 110 жылдығы.

Осы орайда Ұлытау өңірінен жолға шыққан «Азаттық жолы» тарихи-танымдық экспедициясы қасиетті Торғай жеріне табан тіреп, қасиетті мекендерді аралап, Торғай өңірінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы мемориалды-педагогикалық музейінде дөңгелек үстелге қатысты. Сонымен қатар музейлердің құнды жәдігерлерімен танысып, тарих қойнауына бір сүңгіп қайтқандай болды.

Тарихы тағылымға толы Торғай төрінде өткен бұл тағылымды сапар – азаттық жолында жанын қиған бабалар рухына тағзым етіп, ұлттық тарихымызды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихын терең танып, отансүйгіштік рухын нығайтуға зор үлес қосады.

Тарих – тағылым, Тәуелсіздік – бабалар аманаты!