Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Торғай музейлерінің кешені»

Торғай шаһарындағы «Торғай музейлерінің кешені» қорында халқымыздың рухани қазынасына айналған қасиетті домбыралар сақтаулы. Әрбір домбыра – өз иесінің өнері мен өмірінен сыр шертетін үнсіз шежіре, өткен мен бүгінді жалғаған асыл мұра.
Осы жолы сіздерді қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілдері – сазгер Болат Хамзиннің және күйші Ахметхан Әбіқайдың қасиетті қара домбыраларымен жақынырақ таныстырамыз. Бұл жәдігерлер – өнер иелерінің шығармашылық жолынан сыр шертетін, ұлттық мәдениетіміздің құнды куәгерлері.
Сонымен қатар халқымыздың көне музыкалық мұраларының бірі – қос домбыраның ерекшелігіне де тоқталамыз. Даланың үніне айналған бұл аспаптың тарихы мен болмысы қазақтың күй өнерінің терең тамырын танытады.
Домбыра – тек музыкалық аспап қана емес, халқымыздың жаны, тарихы мен тағдырының үні. Оның әрбір шанағынан төгілген күй – ұлттың жүрек лүпілі, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.