Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Алтын домбыра»

Күні кеше Астана қаласында өткен Qazaq Creative Hub алаңында Қостанай облысының KOSTANAY CREATIVE CULTURE креативті жәрмеңкеден үзінді видеолар айдары. Жәрмеңкенің басты оқиғаларының бірі – биыл Қостанай өңіріне бұйырған республикалық «Алтын домбыра» айтысының бас жүлдесі – қасиетті «Алтын домбыраның» көпшілік назарына ұсынылуы болды. Келушілер атаулы домбыралар көрмесімен, ұлттық музыкалық аспаптар және тарихи тұлғаларға арналған бірегей экспозициялармен таныса алады.

Осы орайда "Торғай музейлерінің кешені" КММ басшысы Сәрсекей Гүлбану Құлетқызы қатысқанын атап өтуге болады.

Creative Aimaq жобасы аясында Қостанай өңірінің тарихи мұрасы, ұлттық қолөнері, дизайнерлік брендтері мен креативті жобалары ұсынылады. Қонақтарды этно-сән көрсетілімдері, шеберлік сабақтары, авторлық көрмелер және «Қалам» фильмінің таныстырылымы күтеді. Сондай-ақ авторлық зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, кәдесыйлар мен қолөнер өнімдерін тікелей сатып алуға болады.