Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Таза Қазақстан – таза өлке»

«Таза Қазақстан – таза өлке»

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Торғай музейлерінің кешені» ММ, «Жангелді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемелер бірлесіп ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – таза өлке» атты көңілді кеш өтті.

Кеш барысында көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, танымдық викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осындай тағылымды шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның белсенділігін нығайтуға өз үлесін қосады.