Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы»

2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асырып келе жатқан «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.

Биыл да тағылымды бастама өз жалғасын тауып, ел руханиятын байытуға бағытталған игі жұмыстар легін жалғастыруда.

Жобаның басты мақсаты – жас қаламгерлерге қолдау көрсету, Қазақстанның әр өңірінің бай тарихы мен сан ғасырлық мәдени мұрасын бүгінгі заманмен сабақтастыра отырып, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарды дәріптейтін кең ауқымды әдеби-танымдық панорама қалыптастыру.

Осы жоба аясында киелі Торғай топырағына ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулет Жадырасын арнайы ат басын бұрып, Торғай шаһарындағы музейлерді аралап, өңірдің тарихи-мәдени жәдігерлерімен танысты. Сапар барысында туған өлкенің тағылымды тарихы, ұлт руханиятының асыл қазыналары мен музей қорындағы құнды мұралар ақынға ерекше әсер қалдырып, рухани байлық сыйлады.