Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

«Үш жүзге пір атанған әулие»

Күні кеше Торғай шаһарындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалды-педагогикалық музейінде халқымыздың рухани тарихында өшпес із қалдырған көрнекті діни қайраткер, ағартушы, әулие Марал ишан Құрманұлына арналған «Үш жүзге пір атанған әулие» кітабының тұсаукесері өтті.

Тағылымды шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары, ел ағалары мен ақсақалдар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері және аудандық кітапхана ұжымы қатысып, Марал ишанның ел бірлігі мен руханият жолындағы еңбегі жайында тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Бұл рухани кеш – өткенге тағзым жасап, ұлттың тарихи жады мен рухани мұрасын дәріптеген тағылымды басқосу болды. Ұлттың ұлы тұлғаларын ұлықтау – келер ұрпаққа аманат, тарихқа деген құрметтің жарқын көрінісі